Ерте жүктіліктің алдын алу
![](https://files.medelement.com/uploads/co/947888261461303764/information/bc1800a33cb54e4b4c1ef7c900c97482.jpg)
Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының жасөспірімдер дәрігер Г.М.Жумабаева. жастар денсаулық орталығы психологы Ж.Б.Ахметова, акушер-гинеколог А.Алтынбекқызы, акушер М.Ибраимова ақпан айының 7-10 жұлдызы аралығында « №3 жалпы орта білім беретін мектеп және қазақ мектеп-лицейінің 9-11 класс оқушылар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары, келешектегі қауіп-қатері және жеке бас гигиенасы, қыздың тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыз балалардың осындай әңгіме барысында олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды. Іс-шара соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.