Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Астана қаласында "Қазақстан республикасының Еңбек сіңірген ардагері" және "Қазакстан республикасының мәртебелі маманы" атты республикалық-патриоттық байқауы болып өтті


Мәртебелеріңіз құтты болсын!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында Астана қаласында мамыр айының 17-18 жұлдызы күні "Қазақстан республикасының Еңбек сіңірген ардагері" және "Қазакстан республикасының мәртебелі маманы" атты республикалық-патриоттық байқауы болып өтті.

"Bilim-orkeniet" орталығы ұйымдастырған осы байқауға қатысқан Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының 2 дәрігері жеңімпаз атанды. Олар ұзақ жыл бір қызметте жұмыс жасап, өз саласының дамуына бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек етіп жүрген мамандар. Атап айтқанда:

 Дәрігер педиатр, эксперт маманы Мангазбаева Разия Карияновна "Қазақстан республикасының Еңбек сіңірген ардагері" ордені, «Қазақстан республикасының Еңбек сіңірген ардагері» энциклопедиясы, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталды.

Кардиохирург дәрігер Утегалиев Тимур Кенжешович "Қазақстан Респубиликасының мәртебелі маманы" ордені, "Қазақстан Респубиликасының мәртебелі маманы" энциклопедиясы, куәлік және құрмет грамотасымен марапатталды.

Әріптестерімізді осы жетістіктерімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, биіктерден көріне беріңіздер!  












Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу