Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Микроспория деген не?


Микроспория немесе "құрғақ теміреткі" - жұқпалы тері ауруы. Микроспория ерекше микроб-саңырауқұлақпен қоздырылады. Ауруды тасымалдайтын құрғақ теміреткімен ауыратын мысық, ит, бұзау, сиыр, жылқы, тышқандар.

Адамға ауру жануармен жанасқанда, ауру жануардың тері қабыршақтарымен залалданған тұрмыстық заттардан, 3-4% жағдайда адамнан адамға жұғады.

Саңырауқұлақтар тұрмыстық заттарда, киімде, ойыншықтарда және басқа да заттарда жылдан астам, қоршаған ортада (топырақ) бір ай сақталады. 

Микроспориямен негізінен балалар ауырады, ересектертер арасында сирек кездеседі.Саңырауқұлақ шашты, теріні, кейде тырнақты зақымдайды. Бастың шашты бөлігі зақымдалғанда шаштың түсуі пайда болады. Терідегі зақымдалу ошақтары дөңгелек пішінді қызғылт түсті қабыршақты, көпіршікті болады.

Теріде немесе шашта қабыршақты дақтар немесе ошақтар пайда болған кезде өздігінен емделмей, мамандандырылған медициналық мекемеге дәрігер-дерматологқа қаралу қажет.

Ауру адаммен немесе жануармен жанасқаннан кейін 5 күннен 6 аптаға дейін аралықта ауру симптомдары пайда болады. Саңырауқұлақ споралары тұрмыстық заттардан шашқа, теріге түскеннен бастап тасымалдаушылық басталады. Тері жабынының жарақаты қоздырғыштың енуіне себеп болады.

Клиникасында шаштың түсуі, терінің қабынуы, зақымдалған теріні басқанда аурысыну, түлеуі, қышуы, шаш түскен ошақтардың ұлғаюы бір-біріне қосылуы, құлақмаңы және желке лимфа түйіндерінің улкеюі байқалады. Дер кезінде ем басталса аурудан толығымен айығады.

Негізгі алдын алу шаралары:

- иесіз мысық, иттермен ойнамау, оларды үйге әкелмеу. Асыраған күшік немесе мысықтарды ветеринар дәрігерге қарату керек;

- үй жануарларын жылына 1 рет және қажеттілігіне қарай ветеринар дәрігерге көрсету;

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау: басқа адамдардың бас киімін кимеу, сүлгі, тарақ, жуынатын заттарын қолданбау, микроспориямен ауырған балалардың кітап, дәптер, ойыншықтарын қолданбау; 

Сонымен қатар, есте сақтау қажет:

- микроспориямен ауырған адамдар толығымен сауыққанша балабақшаға, мектепке (оның ішінде музыка, спорт мектептеріне де), моншаға, шаштаразға, бассейнге  бармау қажет;

- ауырған адамға күтім жасаушылар дәрігердің ұсыныстарын орындау, ауру қайталанбас үшін қорытынды дезинфекция жүргізу қажет;

- үйде ауру жануар болса, оларды тексертіп, емдету қажет.

Микроспория немесе "құрғақ теміреткі" - жұқпалы тері ауруы. Ауруды тасымалдайтын құрғақ теміреткімен ауыратын мысық, ит, бұзау, сиыр, жылқы, тышқандар.

Микроб - саңырауқұлақ шашты, теріні, кейде тырнақты зақымдайды. Бастың шашты бөлігі зақымдалғанда шаштың түсуі пайда болады. Терідегі зақымдалу ошақтары дөңгелек пішінді қызғылт түсті қабыршақты, көпіршікті болады.

- иесіз мысық, иттермен ойнамау, оларды үйге әкелмеу. Асыраған күшік немесе мысықтарды ветеринар дәрігерге қарату керек;

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау: басқа адамдардың бас киімін кимеу, сүлгі, тарақ, жуынатын заттарын қолданбау, микроспориямен ауырған балалардың кітап, дәптер, ойыншықтарын қолданбау.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу