Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Басты мақсат- кәсіби деңгейді көтеру


  Аягөз ауданының көпсалалы орталық  аудандық ауруханасында дәрігерлер мен медбикелердің білімін жетілдіруге ұдайы көңіл бөледі. 

      Осы мақсатта Астана, Алматы, Қарағанды қалаларының ғылыми орталықтарынан Семей медициналық университеті мамандарын шақыртып дәріс алуда.

     27.02.-03.03.2023 жыл аралығында  Қарағанды қаласының Ұлттық медициналық білім беру орталығының мамандары, «Ауруларды басқару бағдарламасы » бойынша, 6 –наурызда «Балалардығы аутизим белгілерін ерте анықтау мәселелері » бойынша сабақ оқыса,15-17 наурыз аралығында «Кәмелетке толмағандар арасында  өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» бойынша зум желісі арқылы семинар  болып өтті.

     3-7 сәуір аралығында Семей медициналық университетінің мамандары «экстрагенитальды аурулары бар әйелдерді жүктілік пен босануды басқарудың заманауи тәсілдері » , «тиімді перинитальдық күтім» туралы сабақ өткізді.

      Мамыр айының 15-19 жұлдызы аралығында Инавациялық даму корпорациясының Алматылық маманы Е.Е. Джандралиев «Базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) »тақырыбында лекция оқып, алғашқы көмек  тәсілдерін іс жүзінде көрсетті.

      Семинарға  Аягөз ауданының көпсалалы орталық  ауруханасының барлық қызметкерлері:  дәрігер, медбикелер, кіші буын қызметкерлер, шаруашылық бөлімі, жүргізушілер, күзет бөлімі буындағы медицина қызметкерлергі қатысты. Семинардың басты мақсаты адам денсаулығына қауіп төнген жағдайға тап болғанда, абыржымай , сабырлық сақтап, шұғыл медициналық көмек бригадасы келгенше , ең бастысы науқастың өмірін сақтауға кететін алтын уақытты жоғалтпай, көмек шараларын іс жүзінде көрсету. 

       Медицина қызметкелері кәсіби шеберлігін үнемі шыңдап, шет елдерде тәжірибе жинақтаған білікті әріптесміз  Е.Е. Джандралиевке алғыстарын білдірді.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу