Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

21.01.2023 үні Аягөз ауданының көп салалы орталық ауруханасында кезекті тәжірибе алмасу операциялары жасалынды


21.01.2023 күні Аягөз ауданының көп салалы орталық ауруханасында кезекті тәжірибе алмасу операциялары жасалынды. Семей қаласы "Жедел Медициналық Жәрдем Ауруханасы" эндоваскулярлы хирургия бөлімі меңгерушісі Маралбаев Айбол Роланович және Астана қаласы "DIVES" медициналық компаниясы филиалының директоры Жанаргуль Макеновнаның қатысыумен ауруханамызда орнатылған ангиограф аппаратының көмегімен 4 операция жасалынды. Жатыр миомасымен диспансерлік есепте тұратын 2 пациентке жатыр артериясы эмболизациясы,  простата аденомасымен есепте тұратын 2 пациентке простата артериясын эмболизациялау сияқты шағын инвазивті операциялар сәтті жасалынды. Бұндай тәжірибе алмасудың арқасында ауруханамыздағы кардиологиялық орталық меңгерушісі Тимур Кенжешұлы ары қарай ауданымыздың тұрғындарына осындай шағын инвазивті операцияларды өзі жасауға мол мүмкіншілік береді. 





Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу