Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

30.09.2022 жылы Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасында 1- қазан – Халықаралық қарт адамдар күніне арналған «Қайырымдылық» айлығы акциясы шеңберінде «Денсаулық бақылауда ұстайық» атты ашық есік күнін өткізді. Бұл күні емханада маман дәрігерлер  47 адамға қабылдау жасап, диспансерлік учетта тұратын  науқастарды қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. 

    Аудандық медицина саласында ұзақ жыл жұмыс істеген ардагерлерге кәсіподақ ұжымының атынан сый-сияпат көрсетіп, құттықтап қайтты. Еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта  Сіздерге денсаулық тілейміз, ұрпақтарыныздың қызығын көріңіздер құрметті ардагерлер!


Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы ұжымы


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу