ҚР Денсаулық сақтау министрі А Ғиният Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының жұмысымен танысты
2022 жылдың қараша айының 10 жұлдызы күні ҚР Денсаулық сақтау министрі А Ғиният Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасында іс сапармен болып, қазіргі талапқа сай ашылған қабылдау бөлімі, инсульт орталығы, кардиологиялық орталық, перзентхана бөлімдерін аралап, олардың жұмыстарымен танысты. Сырқаттармен сұхбаттасып қал – жағдайын сұрады.
Орталық аурухана дәрігерлерімен әңгімелесу барысында, оларды бүгінгі денсаулық саласында, оның ішінде ауыл медицинасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Медицина қызметкерлерін сапалы жұмыс істеп, медицина саласына бөлініп жатқан орасан зор қаржының зая кетпеуін ескертті. Ана мен бала денсаулығына, онкологиялық және басқа ауру түрлерін алдын алу – профилактикалық жұмыстарға қатаң көңіл бөлуге шақырды. Сын – ескертпелерін айтты.
Тұрғындар арасында жеке қабылдау жасап сұрақтарына жауап берді.