Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Гепатит А ауруларының белгілері, алдын алу

2.11.2023 жылы Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасында медицина қызметкерлер арасында қазіргі таңда халық арасында кең белең алып жатқан  «Гепатит А ауруларының белгілері және оның алдын алу » жөнінде  жұқпалы аурулар  дәрігері   А.А.Сарсенбаева лекция өткізді.

Дүние жүзінде кең тарағана инфекциялардың бірі. Бірақ та тарауы да әр жерде біркелкі емес. Сырқат көбінесе балалар арасында тарайды. Ересектер арасында көбінесес 15-29 жастағылар жиі ауырады. Сырқаттың деңгейі күз – қыс кезінде жоғарылайды. Таралуы өте кең типті инфекциялық ауру. Инфекция көзі болып, әр түрлі клиникалық түрімен ауыратындар табылады. Ауырған адамдардан вирус сыртқы ортаға нәжіспен бөлінеді. Инкубациялық кезеңнің аяғынан бастап сырқаттың басталуына 7-10 күн қалғанда. Вирус сарғаю кезеңінің алғашқы күндерінде 1 аптаға дейін нәжіспен сыртқа бөлінеді. Тұрмыстық қатынас, алиментарлық, су арқылы, 5% жағдайда парентеральді, жыныстық жол арқылы тарауы мүмкін.

Клиникасы төмендегі кезеңдерге бөлінеді:

1. инкубациялық;

2. сарғаю алдындағы;

3. сарғаю;

4. реконволистенция (жазылу).

Инкубациялық кезеңі 7-50 күнге дейін созылады. Орташа ұзақтығы 35 күн. Сарғаю алдындағы кезең белгілер жинағы былай реттелінеді.

1. грипп тәріздес немесе катаральді (көбінесе ВГА-ға тән);

2. диспепсиялық; (ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы)

3. астеновегетативті; (әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі)

4. артралгиялық; (сүйек – буындары ауырып, мазалайды)

5. аралас.

Сарғаю алдындағы кезең 2-3 күннен 2-3 аптаға дейін созылуға тиіс. Орташа 5-7 күн. Сырқат жедел басталады, температурасы 38-390С, әлсіздік, енжарлық, ұйқысыздық, бас айналу, тәбетінінң төмендеуі, 2-3 күні жүрек айну, құсу, кейде эпигастрий аймағында ауырсыну, жайсыздықты сезінеді. Сарғаю пайда болғаннан 2-3 күн бұрын зәрдің қою түске айналуы байқалады. Содан кейін ғана склералар сарғайып, көзге түсетін сарғаю кезеңі басталады. Сарғаю пайда бола салысымен интоксикация белгілері жойылады немесе олардың интенсивтілігі азаяды. Тері қабатының және склераның сарғаюының жылдам арада жоғарыдайды. Бірақ та интенсивтілігі шамалы мөлшерде болады. Сарғаю кезеңнің аяғында немесе басында бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы байқалады. Зәрі одан сайын қоңырланып, нәжісі бозғылт түсті болады. Ұзақтығы 2-4 аптаға созылады.

 Алдын алу. Жергілікті санитарлық – гигиеналық жағдайларды жақсартуға бағытталған шаралар жүргізілуі керек. Ең тиімді әдіс вакцинация.

Өзіңізді гепатит инфекциясынан қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керек. Қайнамаған суды пайдаланбаңыз, әрқашан жемістер мен көкөністерді жуыңыз, тағамды термиялық өңдеуді елемеңіз. Бұл гепатит А инфекциясының алдын алуға көмектеседі.

Жалпы алғанда, басқа адамдардың дене сұйықтықтарымен байланыста болудан аулақ болу керек, В және С гепатиттерінен қорғау үшін - ең алдымен қанмен. Микроскопиялық мөлшерде қан ұстараларда, тіс щеткаларында, тырнақ қайшысында қалуы мүмкін. Бұл заттарды басқа адамдармен бөліспеңіз. Сіз стерильді емес құрылғылармен пирсинг пен татуировканы жасааға болмайды. Жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын сақтау керек.

Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы, өмірдегі баға жетпес құндылық, ең басты байлық. Адам өмірінде денсаулықтың орны бөлек, әрі ерекше.


Денсаулықты сақтау-ең әуелі тазалықты спақтаудан басталады.

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу