Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қызылшадан қорғанайық

 9.11.2023 жылы Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен  Қ Р Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Абай ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Аягөз аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері арасында қазіргі таңда халық арасында кең белең алып жатқан  

қызылша  ауруының алдын алу туралы семинар және дөңгелек үстел өткізіліп, мәселелер талқыланды.

Өткізілген іс-шараға барлық ауылдың және қаланың емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері қатысты.

ҚР  Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің  «Қызылшаға қарсы санитарлық-эпидемиялық және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» және «егілуге жататын контингентке қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізу » туралы  № 7 Қаулысына сәйкес әдістемелік ұсынымдар туралы дөңгелек үстел және лекция жүргізілді.

Қызылша ауруының алдын алудың ең тиімді әдісі, ол балаларды қызылшаға қарсы егу.

Жалпы тез арада 6-10 ай, 2-4 жастағы балалар және медицина қызметкелерін егуге шешім қабылдады.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу