1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасы бас дәрігері Ш.Ж.Омаров, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.С. Искаков және аудандық педиатр дәрігер Ш.Ю.Темиргалиева бастамасымен жыл сайын өтетін дәстүрімізге айналған «Балаларға күлкі сыйла!» акциясы аясында балалар кеңесхансы және ауруханада ем қабылдап жатқан бөлімшелердегі балаларды мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар үйлестірді. Түс кезінде балаларға арналған мерекелік дастархан жайылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялады. Елдің ертеңі болар сол жастарымыз бен балаларымыз! Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз! Жер бетіндегі ешбір бала ауырмай сыңғырлаған күлкісімен бақытты ғұмыр кешсін. Жұртымыз аман, еліміз тыныш, деніміз сау, еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!
Аягөз ауданының ауданаралық аурухана әкімшілігі