Желшешек пен тұмаудың алдын алу
13-18 маусым аралығында Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасының терапевт, педиатр дәрігерлері және салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Ахметова Ж.Б. ұйымдастыруымен әйелдер мен балалар кеңесханаларында желшешек және тұмау ауруларының тұрғындар арасында көп таралуына байланысты «Желшешек ауруы оны емдеу және алдын алу . Тұмау себептері, белгілері және оның алдын алу» тақырыптарында жоспарлы түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылып, сақтық шараларын күшейтіп, денсаулықтарына аса мән беріп, дұрыс тамақтану жүйесін ұйымдастырып жүру керектігі айтылды.