Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасында «Адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы (АИТВ)» атты тақырыпта семинар болып өтті


  Сәуір айының 12-13 жұлдызы күндері Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының  «Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК мамандары  дәрігер- инфекционист Наиля Рымбековна, дәрігер- эпидемиолог, дәрігер-лаборант Раушан Серикжановна, дәрігер- оргметод Диляра Даулетбековна Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы (АИТВ) бойынша атқарып жатқан жұмыстарын тексеріп, семинар өткізіп, әдістемелік көмек көрсетті. 

     Семинар өту барысында қандай бұйрықтармен жұмыс жасалу керектігі және экспресс-тест арқылы АИТВ-инфекциясының болуына эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру жұмыстары түсіндірілді.

    Аягөз ауданының көпсалалы орталық аурухана қызметкерлері  адамның иммунтапшылық вирусы инфекциясы (АИТВ) туралы әдістемелік көмек көрсеткендігі үшін әріптестеріне алғысын білдірді. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу