24 ақпан- 24 наурыз Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні айлығы өтуде
24.02.2023 жыл Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының фтизиатр дәрігері Бөлегенова А.А. сөсқ маманы Ахметова Ж.Б. Аягөз аудандық снитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімі жетекші маман Исина А.А. бастамасымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы(№214), Халыққа туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы (№77), "Инфекциялық аурулардың (туберкулез) алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (№29) бұйрықтармен таныстыру мақсатында Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының және Қазығұл емханасы медицина қызметкерлері арасында лекция өткізді. Іс-шара өту барысында қызметкерлерге биылғы жылдың бұйрықтары мен жалпы ауыру жайлы түсінік берілді, лекция соңында тыңдаушыларға ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Қатысушылар саны -161 адамды қамтыды