Отбасы күні атап өтілді
Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол
Сондықтан да осы айтулы күнге Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасының әйелдер кеңесханасы мен балалар кеңесханасы медицина қызметкерлері ұйымдастырған «Отбасым-ұлт мерекесі » атты мектеп оқушылары арасында тренинг өткізіліп, флеш моб билеп, лекция оқып, ақпараттық білім беу материалдары таратылды.
Тек қана бұл күні емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!