Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Нашақорлықтың алдын алу


Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы «Үміт» жастар денсаулық орталығы психологы Ахметова Ж.Б. және  Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің офицері, аға лейтенант Төребаев А.Ж. ұйымдастыруымен Аягөз қаласының әскери бөлімдері  қызметкерлері арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша лекция өткізді. Мақсаты: есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу.

    Нашақорлық дегеніміз – адамның есірткіге тәуелділігі. Бұл дерт организмнің тіршілік етуі үзілмей, оны белгілі дәрежеде ұстап тұрып есірткіні үнемі тұтынуға және дене мен жүйке қызметінің әбден әлсіреуіне алып келеді.

  Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әр түрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін көрсетеді.

   Сөз соңында сала мамандары жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар тарапынан сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу