Зорлық – зомбылық және суицидтің алдын – алу мақсатында мектеп психологтары арасында өткізілген семинар-тренинг
Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасының психологтары Е.Ж. Оралтаева, Г.К. Жексембаева аудан бойынша мектеп психологтарына зум платформасы арқылы онлайн семинар-тренинг өткізді. Семинардың тақырыбы: «Жасы кәмлетке толмағандардың Конституциялық құқығын қорғау зорлық – зомбылық және суицидтің алдын – алу және бала өміріндегі ата -ананың рөлі». Семинарға 32 аудан мектеп психологы қатысты. Тақырып ауыр болғандықтан, артында сейілту мақсатында тренинг өткізілді.