29 қазан Қамқоршылар күні! Қамқоршылар күні атап өтілді
Аягөз аудандық көпсалалы орталық ауруханасының балалар кеңесханасының бөлім меңгерушісі Қ.М. Исаханова психолог Г.К. Жексембаева қатысуымен «Мейірімді жүрек» атты ата – аналар арасында тренинг өткізіліп, келіп қтысқан ата – аналарға Алғыс хат табысталды.
Қамқоршылар панасызға пана болып, қамқорсызға қамқор болу, тағдырдың жазғаныммен жаралы болғандарға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттеріңіз үшін бас иеміз.
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Қазақтың ошағы дөңгелек үйінің ішінде болады да, бүкіл жандар жағылған отқа үйіріледі. Отбасының амандығы ошақтың оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйтқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды. Адам баласының ой-санасы өсіп ақыл ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі ерекше дәстүр. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс тіршілік әкеледі.
Құрметті ата-ана!
Сіздің өміріңіздің мәні –бала, сәні — бала. Салтанаты, махаббаты, мәртебесі — бала! Өйткені баланың өсуі отбасының көрмесі сияқты. «Жақсы әке — балаға өмірлік азық. Жақсы ұл – әулетке өмірлік азық» — деген бар. Сондықтан тәрбие мәселесі жөнінде бөлісіп шешетін маңызды істер сан алуан. Біз маман ретінде, сіз баланың ең басты тәрбиешісі ретінде әрі айнадай өнегесі ретінде бір-бірімізге кеңес берейік, сөйлесейік, бірігейік. Біздің мәпелеген өсірген талымыз түзу өссін! Сізге көлеңкесі, бізге ізгілігі қымбат.