Екпе егу апталығы өткізілді
Вакциналарға тең және кең қол жетімділіктің маңыздылығын атап өту, бұл әр адам үшін ұзақ және салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге ықпал еетіндігін хабардар ету мақсатында 2022 жылдың сәуірдің айының 25-30 жұлдызы аралығында «Барлығына ұзақ өмір!» атты Еуропалық иммундау аптасы (бұдан әрі-ЕИА) өткізілді.
Аягөз ауданының ауданаралық аурухананың медициналық қызметкерлері салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің психолог маманы қатысуымен 41 тұрғын, 47 колледж студенттері, 169 ата-ана, 129 медициналық қызметкер, 987 оқушы арасында сауалнама жұмысы өткізілді.
Сауалнама жүргізу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.