Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК “Аягөз ауданының көпсалалы орталық ауруханасы"

Қазақстан, Аягөз, Рахимов к-сі, 1
+7 (7223) 74 99 02
+7 778 003 78 43
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Сәуір айы 14-15 жұлдызы


Сәуір айының 14-15 жұлдызы аралығында ҚР Денсаулық сақтау минстрлігінің өкілдері және «Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығы», «Ұлттық нейрохирургия орталығы», «Батпенов атындағы Ұлттық травматология» және ортопедия орталығы» қызметкерлері, көпсалалы орталық аудандық аурухананың жұмысымен танысу мақсатында Аягөз ауданының ауданаралық  ауруханасында іс- сапармен болып, іс –тәжірибе алмасу үшін нұсқаулық кеңес өткізді. 

Кеңеске Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола Солтүстік Қазақстан Облыстарының кейбір аудандарынан келген медицина ұйымдарының басшылары қатысты. Аягөз, Алтай, Үржар аудандарының бас дәрігерлері, (Омаров Ш.Ж, Нурекенов О.З, Абылкасымов Б.Ш.) көпсалалы ауруханалардың жұмысы бойынша баяндама жасап, 2018 - 2020 жылдар аралығында Аягөз, Алтай, аудандарында II- деңгейдегі инсульт орталығы, кардиологиялық орталық ,III-деңгейдегі перинатальді перзентхана ашылғаны, қабылдау бөлімдері «Triage» жүйесі бойынша жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат берді.

Жиналысқа қатысушылар Аягөз ауданының ауданаралық ауруханасының бөлімдерін аралап көріп, өз ойларымен бөлісті. Ауылдық денсаулық сақтау ісінің түйінді мәселеріне тоқталып, оның шешу жолдарын талқылады. Шығыс Қазақстан Облысындағы ауданарлық ауруханалардың жұмысына жоғары баға берді.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу